«Притобол негізгі орта мектебі» КММ оқушылары «Сыбайлас жемқорлық балалар көзімен» сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта аудандық сурет байқауына белсенді қатысты. Таисия Вольф 1-орын, Бөлтірік Жадыгер 2-орын, Бақытжан Айкумыс 2-орынға ие болды. Белсенді қатысқаны үшін Акерке Мукановаға мадақтама берілді және барлық қатысушылар бағалы сыйлықтарға ие болды.