"Біртұтас тәрбие" бағдарламасын жүзеге асыру аясында бастауыш сынып оқушыларымен 12 сәуір – Қазақстандағы Ғылым күніне арналған сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Мақсаты – оқушылардың ғылыми қызметке деген қызығушылығын ояту, отандық ғылым жетістіктеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу, олардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Іс-шара ойын түрінде өтті. Екі команда – "Білімпаздар" мен "Ақылдылар" өзара жарысты. Оқушылар байқауларға белсенді қатысты. Музыкалық сергіту сәтінде демалды. Іс-шара соңында оқушылар есте қалған ғылым салаларын жазып, ұжымдық "Ғылым ағашын" отырғызды.