«Біртұтас тәрбие» білім беру бағдарламасын жүзеге асыру аясында сынып жетекшісі А.Ж.Қалабаева ата-аналармен бірлесіп 7-8 сынып оқушыларына мұз айдынына саяхат ұйымдастырды. Бұл балаларға бірге уақыт өткізуге, достықты нығайтуға және белсенді демалысты өткізуге тамаша мүмкіндік. Мұз айдынында оқушылар өз өнерлері мен сенімділіктерін шыңдай отырып, мұз айдынында сырғанаудан ләззат алды.Сынып бірлігіне ықпал ететін бейресми жағдайда арласты. Оқушылар мұз айдынында ата-аналарымен бірге уақыттарын тиімді өткізді. Мұндай саяхат мектеп оқушылары мен ата-аналардың өміріндегі жарқын оқиға болды. Барлығы көптеген жағымды эмоциялар алды!










