"Біртұтас - тәрбие" бағдарламасын іске асыру аясында Мектепке дейінгі ұйымда 2025 жылғы 10 және 11 сәуірде Ғылым күніне орай ғарышқа арналған шығармашылық шеберхана ұйымдастырылды. 
Мақсаты: балалардың танымдық белсенділігін, байқағыштығын, шығармашылық белсенділігін дамыту: ересектердің сөйлеуін тыңдау және түсіну, қойылған сұрақтарды тыңдау және толық жауап беру; ұжымда жұмыс істей білу.
 Ғарыш , ғаламшарлар біздің қазақстандық ғарышкерлеріміз туралы әңгімелер, ғарыш туралы мультфильм көру, "Ғарыш" аз қозғалғыштық ойыны, сондай-ақ құрастыру, жапсыру, мүсіндеу бойынша жүргізілген шығармашылық іс-шаралар балалардың астрономияға және жалпы ғылымға деген қызығушылығын арттыру үшін тамаша мүмкіндік болды. 
Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиеленушілері шығармашылық шеберхананың барлық іс-шараларына үлкен қызығушылықпен қатысты.

















